Гүлбарам Науразбаеваның айтуынша, кәсіподақ ұйымы бүгінде Ертіс өңірінің 40 мыңнан астам ұстазын біріктіруде.

- Мемлекет басшысы мұғалімдердің қазақстандықтар өміріндегі алар орнын ерекше атап өткені қуантады, - дейді Гүлбарам Науразбаева. – Елбасының әрбір Жолдауы мен үшін қоғамымыздың дамуындағы белгілі бір кезеңін айқындайды. Мен Президенттің алғашқы Жолдауы ұмытқан жоқпын. Ол кезде ел қиын-қыстау заманды бастан өткеріп жатты. Елбасы алғашқы Жолдауында көрсеткен мақсаттар мен міндеттер сол кезде біздер үшін орындалмас армандай болып көрінген. Дегенмен, қазіргі кезде еліміз көркейіп, әлемдегі өз орнын тапты. Бүгінгі Жолдау да үміттерімізді ақтады.

Облыстық білім беру және ғылым саласының қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы атап өткендей, биылғы Жолдау – өміріміздегі жаңа технологияларды енгізудің жаңа кезеңін көрсетті.

- Елбасы әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселесін ойластырды, - дейді Гүлбарам Науразбаева. – Бұл азық-түлік өнімдері, медициналық, білім беру қызметтерінің сапасын және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру мәселелеріне қатысты. Жолдау қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екендігін тағы бір дәлелдеп бергендей.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Жолдау, Гүлбарам Науразбаева, білім беру