Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Юрий Колесников мәлім етті.

- Тұрғындар тарапынан көңіл көтеру орындарының жұмысына қатысты түсетін шағымдар өзекті мәселелердің бірі болып қала береді, - дейді Юрий Колесников. - Түн ішінде тыныштықты бұзу, спирттік ішімдік тұтыну өлім көрсеткішінің артуына басты себеп болады. Алкоголь өнімдерін тұтынудың нәтижесінде орын алатын адам өлімі бойынша қылмыс 31-ден 40 пайызға артқан. Оның 21-і пәтерлерде, жеке меншік үйлерде немесе жеке меншік үйлердің ауласында жасалған. Ауыр қылмыс бойынша 40 фактінің 21-і облыс орталығына тиесілі болса, Екібастұз қаласы мен Баянауыл ауданында бес қылмыстан тіркелген.

Спикердің айтуынша, қылмысқа баратын адамдардың басым бөлігін бұрын істі болған, жұмыссыз және спирттік ішімдік тұтынғандар құрайды. 2018 жылдың тоғыз айы ішінде алкоголь өнімін саудалаудың 379 фактісі анықталған. Қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 6248 адам жауапкершілікке тартылған. Ішімдікке тәуелді және нашақор 200 адам мәжбүрлі түрде емделуге жіберілген болса, 36 мыңнан астам адам уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарына жеткізіліп, 25 мыңнан астамы орналастырылған. 

Павлодар қаласында 148 шақырту түскен «Арай», «Гамарджоба», «Барсы», Екібастұзда «Апельсин», «Верона», «Щеки» және Ақсуда «Арарат» дәмханалары, «Сұлтан» мейрамханасы криминогенді сипатқа ие.

- Осыған байланысты ойын-сауық орындарының жұмысын қысқартуға қатысты шешім қабылдау үшін облыстық мәслихат тарапынан келісім қажет, - дейді Юрий Колесников. - Мысалы, Грузияда тәулік бойы ішкенін қайдан көрдіңіздер. Германияда сағат түнгі 11-де барлығы жабық. Түн тыныштығын бұзған жағдайда 1500 еуро айыппұл салады. Сондықтан тәртіп болу үшін қоғам да осы іске бей-жай қарамауы керек.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, ішкі істер департаменті, дәмхана, құқық