2018 жылғы 6 қарашада Ресей Федерациясының азаматшасы биыл 13 тамызда Қазақстан Республикасына келгені анықталған.

- Көрші елдің азаматшасы уақытша тіркеуге бармаған. Осы уақытқа дейін Ертіс ауданында тұрған. Сот отырысында ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасында дүниеге келгенін және қазіргі уақытта туған анасы Қазақстанда тұратынын, өзі оның халын білуге келгенін әрі заңды білмегендіктен тіркелмегенін түсіндірді, - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Соттың қаулысымен азаматшаға 25252 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, мемлекеттік шекара