«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметіне сүйенсек, аймақта халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 35,0 млрд теңгені құрайды. Ағымдағы жылы медициналық ұйымдарына көрсетілетін қызметтері үшін 26,0 млрд теңге (76,4%) төленген.

- Жұмыс кестеге сай  уақытылы жүріп жатыр. Бөлінген қаражаттар медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті. Павлодар облысындағы Қор жеткізушілерінің тізіміне 66 медициналық ұйым кіреді. Оның 30-ы жеке меншік. 2017 жылмен салыстырғанда жеке меншік жеткізушілер саны 1,8 есе артты, - деді Қордың Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов.

2018 жылы Қор Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілетін қызметтері үшін 599,3 млрд теңге төледі. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша жасалған келісімшарттардың сомасынан 76% -ын құрайды. Халыққа қызмет көрсету бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы - 785,8 млрд теңге.  

- Қор медициналық ұйымдардың барлық шарттық міндеттемелерін толығымен орындайды. Алынған қаражатты одан әрі жұмсаудың басымдықтары - жалақы төлеу, медициналық мекемелерді ұстауға арналған шығындар, салық төлеу, коммуналдық қызметтер және  тағы басқалары, - деді Айдар Ситқазинов.

Естеріңізге сала кетейік, Қордың медициналық қызметтерді сатып алу туралы келісімшарт жасаған аймақтағы медициналық ұйымдардың тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру