- Бүгін өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық санитарлық көмек және қоғам денсаулығын сақтау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы Нариман Шахмарданов пен №3 қалалық аурухананың бас дәрігері Марлен Ахметовтың арасында жанжал орын алды, - дейді ведомство басшысы Ораз Мұқашев.

Нәтижесінде екеуі де медициналық көмекке жүгінген. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізілуде. Қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шара қолданылады. Ер адамдардың бір-біріне ешбір наразылығы жоқ.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам