Қалалық білім беру бөлімі мамандарының айтуынша, кабинеттің ашылуы Ұлттық валюта - теңгенің 25 жылдығына орайластырылған.

Шараға «Халық банкі» АҚ директоры Анатолий Бойчин, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.

Бүгінгі күні мектеп оқушылары үшін түрлі ғылымдарды, соның ішінде қаржылық сауаттылықты зерттеуге барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтары мен дизайны бар кабинет мектепке қаржы сауаттылығы бойынша арнайы курс бағдарламасын толық көлемде жүзеге асыруға, зерттеулер жүргізуге және ғылыми жобаларды әзірлеуге, мектеп қабырғасында алғашқы қаржылық дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Кабинетте «Халық банкі» АҚ қызметкерлері 10-11 сыныптардың 62 оқушысы үшін қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар өткізеді.

- Негізгі қаржы ұғымдарына талдау жасау, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау, қаржыны басқару, бюджетті жүргізу, шығындарды жоспарлау, жинақтарды жинақтау және мүмкіндігінше борыштардан аулақ болу керек, - деп Анатолий Бойчин теңгенің даму кезеңдері туралы да айтып өтті.

Кабинетке Қазақстанның ұлттық валютасының енгізілуіне 25 жыл толуына арналған кітаптар каталогы  сыйға тартылды.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім