Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Turkistan Invest» инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа зауыттың құрылысы Ордабасы ауданында жүргізілмек. Оны салуға қазақстандық «Standard Petroleum & Co LLP» компаниясы қаражат жұмсайды. Бүгінгі күні 250 гектар аумақта орналастыру жұмыстары жүргізіліп, қоршаулар қойылып жатыр. Сондай-ақ, электр желілері тартылып, жол салынуда.

«Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы - «Turkistan Invest» инвестициялық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын жоба 2021 жылы іске қосылады деп күтілуде. Дайын өнім ел аумағында сатылып, қосымша ТМД елдеріне экспортталатын болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: