Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Аягөз Мұсапірова мәлім етті.

- Электронды түрде көрсетілген қызмет түрінің саны 3 053 696 немесе 60,1 пайызды құрайды, - дейді Аягөз Мұсапірова. – Оның ішінде тұрғындар 2 421 803-ін электронды орталықта алған. Былтырғы тоғыз айдың ішіндегі көрсеткіш 1 669 505 немесе 32 пайызды құрайды. Мемлекеттік корпорация арқылы 1 090 929 немесе 21,5 пайыз қызмет ұсынылған. Қағаз жүзінде көрсетілген қызмет түрінің үлесі өткен жылы 43,8 пайыз болса, 2018 жылдың тоғыз айдың ішінде 18,4 пайызға төмендеген.

Спикердің айтуынша, тізімге сәйкес 746 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде облыстық мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтің 388 түрі қарастырылған.

2017 жылы 5 261 093 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, биыл тоғыз айдың ішінде бұл көрсеткіш 5 075 873-ке жеткен. Оның ішінде 3 296 495-і жергілікті мемлекеттік органдарға, 1 779 378-і аумақтық мемлекеттік органдарға тиесілі.

Департамент тарапынан 22 тексеріс жүргізіліп, 89 ұсыным берілген және 3277 бұзушылық анықталған. Нәтижесінде мемлекеттік органның 25 қызметкері жауапкершілікке тартылған. Оның алтауы ескерту алумен шектелсе, 18-і сөгіс алған және бір адамға қатаң сөгіс жарияланған.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, жемқорлықпен күрес