Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Аягөз Мұсәпірова мәлім етті.

- Тұрғындар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға бере алады, - дейді Аягөз Мұсапірова. – Қазіргі таңда «Цифрлы агент» мобильді қосымшасы іске қосылуда. Сол арқылы халыққа қызмет көрсету орталығында, емханаларда және мемлекеттік мекемелердегі қызмет көрсету сапасы туралы ақпарат беру қарастырылған.

Тестілеу режимінде жұмыс істейтін қосымшада әзірге ХҚКО-ға қатысты пікір қалдыруға болады. Алайда, алдағы уақытта бұл тізімге басқа да мекемелер қосылады.

- Қосымшаны Play Market арқылы жүктеп алуға болады. Сауал жібергеннен кейін бес минуттың ішінде департамент әрекет етуі тиіс. Егер де күрделі мәселе болса, өтініш беруші келіп, қандай шағымы бар екенін айтуы керек.


Ақбота Сейсенбаева
Фото: Салима Истембекова

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, Цифрлы Қазақстан