Ұлттық сана-сезім мен отаншылдыққа, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеу мақсатындағы жобаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 90 бала қамтылып, қазақ тілін меңгерді.

- Жалпы жоба барысында отбасы үлгісіндегі Павлодар қаласы және Кенжекөл ауылының тәрбиеленушілері тілдік ортаға ену арқылы жергілікті тарихты, өлкені, тәрбиелік салт-дәстүрлерді оқып үйренді. Сонымен қатар, курста балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қасиетті жерлерге бару бағытында жұмыстар жүргізілді, - дейді облыстық тілдерді дамыту  басқармасында.

Шара курс тыңдаушыларымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен аяқталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, тілдік келісім