Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

"14 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында "Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына тігілген біріккен далалық лагерьді күзету және қорғау бойынша патрульде жүрген кіші сержант Рамиль Шормаков және старшина Айбек Мухамеди жанұшыра көмекке шақырған әйел адамның даусын естиді. Естігендерін бірден лагерь бойынша кезекші аға лейтенант Нұрсұлтан Қуандыққа баяндап, көмекке шақырған адамға қарай асығады. Оқиға орнына жылдам жеткен патрульге қыз бала өзін бейтаныс екі адамның зорламақ ниетте болғанын, көмекке келе жатқан адамдарды байқап, қашып кеткендігін айтады", - делінген хабарламада.

Ұландық әскерилердің 102 нөміріне хабарлаған шақыртуы бойынша оқиға орнына Шонжы аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы келіп, бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде 1985 жылғы А. және 1974 жылғы В. деген екі ер адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтау үшін Шонжы аудандық полиция басқармасына жөнелтіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Ұландықтардың қырағылығы мен жылдам әрекет етуінің арқасында Алматы облысының тұрғыны бұзақылардың арам ойының құрбаны болудан аман қалды. Қыз бала далалық лагерьден жеткен өзінің құтқарушыларына алғысын білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: