Соның салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты, - деп хабарлайды  tengrinews.kz  Observador сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы аралдың оңтүстік жағалауында орналасқан Санта-Круш қаласында болған. Автобус немістер мінген туристер тобын алып бара жатқан, онда кемінде 50 адам болған. Жергілікті билік мәліметінше, жол апаты салдарынан 11 ер адам және 17 әйел қайтыс болған.  Билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция болжамы бойынша жүргізуші бұрылыста басқаруды игере алмаған және тежегіш істен шыққан деген тұжырымдар да бар. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, үйлердің үстіне аударылған.   

pavlodarnews.kz

Тэги: