Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Сонымен қатар оларға берілетін үстеме ақы баратын өңірлерінің ерекшеліктеріне қарай төленбек. Биылғы жылы бұл мақсатқа 14,8 миллиард теңге бөлу көзделген.

Nur Otan партиясының орталық аппаратында "Жастарды қолдау" бағытының жаңартылған құрамы алғашқы отырысында осы бағдарламаны талқыға салды.

"Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен жоба. Бірақ кейбір тұстары жетілдіруді қажет етеді", - дейді келгендер.
Елімізде 2 мыңнан астам ауылдық округ бар. Онда тұратын халық саны 8 миллионнан асады. Кадр тапшылығы Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өзекті.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біраз мәселелер бар, оның ішіндегі мынау нормативтік-құқықтық актілердегі өту талабы, соның шарттары бар. Мысалы алатын болсақ, ақшаның жетіспеушілігі. Бір азаматқа 3-4 миллион теңге берілсе, төлемақы ретінде "Дипломмен ауылға". Бірақ ол ауылдық жерде мысалы үй-жайы бар. Жұмысқа орналасу мәселесі бар. Сондықтан да егер отбасын құрған жағдайда қандай қиыншылықтар бар. Сондай күрделі мәселелерді осы жерде талқылаймыз.

pavlodarnews.kz

Тэги: