Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Халықаралық байқаудың ақтық сынын қазақстандықтар «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалады. Эфир сағат 01:00-де басталып, төрт сағатқа жалғасты.

41 елден сайланған қазылар алқасының бірлескен шешімі және көрермендердің дауыс беруі арқылы жеңімпаз анықталды. Әділқазылар белгіленген 12 ұпайды қай елге беретінін бір күн бұрын шешіп қойса, көрермендердің дауысы тікелей эфирде қабылданды.

Қазылардың шешімі құпияда сақтала отырып, Еуропалық хабар тарату одағына жолданады. Кейін ол гранд-финалдың эфирінде жарияланып, телекөрермендердің дауысымен қосылып есептеледі.

Беларусьтың қазылар алқасының шешімі құпиялылықтың сақталмауынан жарамсыз болып танылды. Дегенмен бұл елдің халқы байқаудағы өз фавориттеріне балдарын бере алды. Нәтижесінде 492 ұпаймен Нидерланды әншісі Дункан Лоуренс жеңімпаз атанды. 465 балл жинаған италиялық әнші Махмуд – екінші, 369 ұпай алған Ресей әншісі Сергей Лазарев үшінші орыннан көрінді. Нидерланды Eurovision байқауында соңғы рет 1975 жылы жеңіске жеткен болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: