Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

"Реал" міндеті - Зинедин Зидан қажеттілігіне байланысты керекті сомма табу. Клуб валлиялық Гарет Бэйл және колумдиялық хавбек Хамес Родригестен құтылмақ. Соңғысы қазір мюнхендік "Баварияда" жалға алу құқығымен жүр. Бұл екеуінен мадридтік клуб 130 миллион еуро табыс көрмек.

Тағы 50 миллион жартылай қорғаушы Матео Ковачичті трансферінен түседі. Сонымен бірге, костарикалық голкипер Кейлор Навас он миллион еуроға сатылуы мүмкін.

Дани Себальос пен Маркос Льоренте трансфері 40, Мариано - 20, Борхе Майораль - 12 миллион еуроға бағаланып отыр.

Наурыз соңында L’Equipe мадридтік клуб құрамды күшейту үшін Зиданға 600 миллион еуро беретінін хабарлаған. "Реалға" келуі мүмкін ойыншылар қатарында - "Пари Сен-Жермен" форварды Килиан Мбаппе және "Манчестер Юнайтед" хавбегі Поль Погба. Сонымен бірге, "Челсидің" бельгиялық вингері Эден Азардың да аты аталып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: