Олармен бірге балалардың анасы Лейла Смаилова да келді.

- Бүгін біздің туған күніміз, - дейді Абылай Смаилов. - 20 жасқа толып отырмыз. - Біз үшін бүгін ерекше маңызды күн. Себебі, алғаш рет ел президентін сайлауға қатысып отырмыз. Бұл еліміз үшін өте маңызды шара. Сондықтан таңертең ерте тұрып дайындалдық. Әр патриот өзінің болашағы үшін дауыс беру керек.

Абылай Смаилов Павлодар медициналық колледжінде фармацевт мамандығы бойынша білім алса, Абай Смаилов Еуразиялық инновациялық университеті  колледжінің стандартизация, метрология және сертификация факультетін бітіреді.

№ 125 сайлау учаскесінде барлығы 2267 адам тіркелген. Олардың ішінде 18-ге келген жастардың саны 16 және бүгін, яғни 9-маусым күні 7 адамның туған күнімен сәйкес келген. Алғаш рет дауыс берген жастарға арнайы сыйлықтар әзірленген.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: автор

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: сайлау, дауыс беру, Павлодар