Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

"Қазақстан халқы президент сайлауына қатынасып жатыр. Әр уақытта әр елді мұндай сайлау халық үшін тарихи шешім болып табылады. Ел учаскелерге келіп, тек президент сайламайды. Өзінің тұрмысын, тағдырын, болашаққа деген үмітін көрсететін болады. Мен білемін, халқымыздың ойы - ел аман, жұрт тыныш болса, еліміздің осылай өркендеп өсе берсе, әр жанұяда жақсылық болса, еліміз өркендеген сайын халқымыздың әл-ауқаты жақсара берсе деген ой", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы осы жылғы кезектен тыс президенттік сайлаудың Қазақстан тарихында алар орны бөлек екенін атап өтті.

"Биылғы сайлаудың мәнісі - өз алдына басқа. Өздеріңіз білесіздер, мен өз өкілеттігімді тоқтатып, келесі буынға жол бердім. Ол - дұрыс. Бұл шешімді бүкіл дүние қолдап жатыр. Бүгінгі сайлау сәтті өтсін, құтты болсын, жақсылығымызға дауысын деп тілек айтамын", - деді Елбасы.

pavlodarnews.kz

Тэги: