Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап хабарлайды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады», деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

«Өзіңді шыңдауың және ұдайы ұмтылысың саған көптеген спорт шыңдарын бағындыруға мүмкіндік берді, ол қазақстандық спортшылардың жаңа буыны үшін үлгігі айналды», деп жазды Елбасы құттықтау хатында.

Еске сала кетсек, Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңген еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: