Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Польшалық бақылаушы бүгінгі сайлау барысында үш ашық, бір жабық учаскеде, яғни емханада орналасқан учаскеде болғанын жеткізді.

“Жалпы сайлау учаскелері жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Әр учаскеде мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалған және сондағы адамдар да оларға көмектесті. Сайлауда тағы бір байқағаным тәуелсіз бақылаушылар үшін ешқандай шектеу болған жоқ. Біз кез келген сұрақты қойып, дауыс беру барысын қарап тұрдық”, - дейді ол.

Сөз арасында ол бақылаушы болып тіркелгендердің көптігіне тоқталды.

“Сайлау учаскелерінің бірінде мен 47-ші бақылаушы болып тіркелдім. Бұл бақылаушыладың көптеп келгенін көрсетеді. Сонымен қатар, сайлаудың ашықтығы, таза өтіп жатқаны ұнады. Өзім болған учаскелерде заң бұзушылық байқамадым. Қатысып жатқан бақылаушылар да ондай әрекеттің болғаны жөнінде айтпады”, - деді шетелдік бақылаушы.

Сонымен қатар, ол ауруханада жүре алатындарға және төсекте жатқандар үшін арнайы сайлау жәшіктері қойылғанын және бұл әр науқастың дауыс беруіне қолайлы болғанын жеткізді.

“Сондай-ақ сайлауға келушілер қатарының көптігі таңқалдырды. Таңғы сағат 10 шамасында тіркелгендердің 25% келіп үлгерді. Мен президент сайлауына бірінші рет бақылаушы болып қатысып отырмын. Польшадағы сайлаумен салыстырар болсам мұндағы сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы баннерлер қойылған екен. Меніңше бұл өте жақсы тәсіл”, - дейді ол.
Ол сондай-ақ Facebook әлеуметтік желісін қолданушы азамат өзінің кімге дауыс бергенін жариялап, өзгелерді соған шақырған. Осы посттан кейін бұл адамның парақшасынан кімнің кіргенін бас прокуратура тексеріп, шара қолданатынын айтты.

"Сайлау күні барлық арыздар жедел қарастырылады. Жалпы, алғанда сайлау тыныш өтіп жатыр. Қоғамдық тәртіпке байланысты тәртіп бұзушылық байқалған жоқ. Тағы да айта кетейін, жасырын үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынған", – деді Б.Дембаев.

pavlodarnews.kz

Тэги: