Жабық үлгідегі № 124 сайлау учаскесінің төрайымы Әлима Омарбекова 10 жылдан астам уақыт сайлау науқанын дайындауға және өткізуге  қатысады.

- Бүгін біз жұмысты таңғы алтыда бастадық, - деді Әлима Омарбекова. – Алдын ала барлық пациенттерге учаске қайда екені, барлық кандидаттар, дауыс беру рәсімі туралы толық ақпарат берілді. Сайлаушылардың тізімін соңғы түзету кеше жүргізілді. Таңғы жетіде босанғаннан кейінгі бөлімшенің пациенттері бірінші болып келді. Бесеуіне біз жәшіктерді палатаға жеткіздік.

Олардың арасында жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің емделушісі Дина Сығымбек бар. Оған дәрігерлер төсек тәртібін тіркеген. Екібастұздың 20 жастағы тұрғыны бүгін алғаш рет ҚР Президентінің сайлауына қатысты.

- Біз бірінші баланы күтіп жүрміз, - дейді болашақ ана. - Урнаға  бюллетеньді салғанда  мен өз елімнің және өз баламыздың болашағына қатысым бар екенін сездім.

Мичурин ауылдық округінен 30 жастағы Шұғыла Сүлейменова үшінші баламен шығуға дайындалып жатыр. Анасы мен кішкентай Рамина өздерін жақсы сезінеді. Үйде әкесімен бірге сәбиді үлкен ағасы мен әпкесі күтуде.

- Бір тәулік ішінде сегізінші маусымнан тоғызыншы маусымға дейін он бала дүниеге келді, оның сегізі – ұл, бұл сирек кездесетін жағдай, - деп атап өтті орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова. - Бұл уақытта тағы үш бала дүниеге келді. Бес әйел жансақтау бөлімінде жатыр, барлығының жағдайы тұрақты және олар барлығы дауыс берді.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін ҚР Президентінің сайлауына облыс ауруханаларының 2,5 мыңнан астам пациенті қатысты.

Фото: Роза Мұстафина және перинаталдық орталық

pavlodarnews.kz

Тэги: общество, Павлодар, Павлодарская область, выборы президента РК