Мекеме басшысының орынбасары, әділет майоры Ербол Шариповтың айтуынша, тергеу изоляторы мен уақытша ұстау изоляторында отырғандардың сайлауға қатысып, дауыс беру құқықтары сақталады.

-    AП-162/1 мекемесінде дауыс беру құқығына ие 155 адам бар, - деді Ербол Шарипов. – Олар өздерінің дауысы ел үшін маңызды екенін түсінеді. Біздің алдымызда сайлауды әділ және барынша жоғары деңгейде өткізу міндеті тұр. Біз бұған бар күшімізді саламыз.

Белгілі болғандай, тергеу изоляторындағы 155 адамның 9-ы – әйел. Ең жас дауыс беруші 31 жаста болса, ең үлкені 46 жаста. Көбісі Павлодардың тұрғыны.

Еске салайық, Павлодар облысында 543 сайлау учаскесі жұмыс жасайды. Оның 23-і жабық учаске.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, сайлау