Бұл туралы аймақтық полиция департаментінен хабарлады.

- Аталмыш оқиғаға қатысты факті тіркелген, - деп нақтылады ведомстводан. - Жүргізуші ұсталды. ЖКО кезінде ол мас күйінде болған. Қыз жарақат алған, бірақ ауруханаға жатқызылмаған.

ҚР ӘҚБК 608-бабы - жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қажетті процедуралар жүргізілгеннен кейін материал сотқа  жолданады. 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам