- ТМД уәкілдігінің атынан Новосібір облысынан келген делегация Павлодар облысында халықаралық бақылау жасады, -деді Ольга Благо. – Делегациямыз жұма күні кешке келді. Сайлау комиссияларынан дайындық туралы білдік. Біздің адамдар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және аудандарда бақылау жасады. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз жүрген жерлерде, үміткерлердің, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бақылаушылары да болды. Ешқандай заң бұзушылықтар мен ескертулер болған жоқ.

Новосібір облысынан келген 6 бақылаушы Павлодар облысындағы 65-тен астам сайлау учаскесінде болған.

Сондай-ақ Ольга Благо Қазақстандағы сайлаудың Ресейде өтетін сайлаудан өзгешеліктерін атап өтті.

- Бұл сайлауда барлық учаскелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға бүкіл жағдай жасалған, - деді бақылаушы. – Арбада отырғандарға жеке кабина, нашар еститін және нашар көретін жандарға компьютер құралы берілген. Сол арқылы адамдар кандидаттар жөнінде ақпарат алуына болады. Оған қоса, әр учаскеде сайлаушылардың өтініші бойынша жауапты мекеменің өкілдері тұрақты тіркеу жөніндегі анықтамаларын шығарып беріп жатты. Осылайша тізімде жоқ адамдар сол учаскеге тіркеліп, дауыс беруге мүмкіндік алды. Мұндай тәсілдер бізде әлі қолға алынбаған.

Оразбек Саяхат
Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, сайлау