Президенттікке үміткер Нұр-сұлтан мен Алматыда өткен митингілер туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Құрметті қазақстандықтар, Алматыда  және Нұр-Сұлтандағы шетелдік псевдооппозиционерлермен сайлауда митингтер мен бойкот өткізу заңсыз болды. Оның үстіне президент сайлауы күні. Құзырлы органдар жауап берді. Мен қазір Қазақстан үлкен өзгерістердің алдында тұрғаны туралы мәлімдеме жасағым келеді. Сондықтан шетелде кофе ішіп отырып, адамдарға өздерінің конституциялық құқығын пайдаланудың орнына сайлау кезінде халықты осындай жағдайға итермелеудің соңы жазалаумен аяқталатынын біле тұра, наразылық білдіру - бұл нағыз саяси арандатушылық. Бұған қоса, бұл оқиғаға жастарды шақырды. Біздің жастарымыз псевдодемократиялық позицияларға сүйеніп адасуда. Сондықтан мен бұл қозғалыстың артында үлкен жаман ой тұр деп айтқым келеді, - деді Әміржан Қосанов.

Кейін Қосанов Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады.

 

«Қоғамдық пікір» институтынан exit poll мәліметтері бойынша Әміржан Қосанов 15,39 пайыз, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.

Еске сала кетейік, 9 маусымда Павлодар облысы бойынша сайлауға қатысу 79,5%-ды құрады. Дауыс беру күні өңірде барлығы 543 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам