Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Біз 2019 жылдың 9 маусымында өткен Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың қорытындысын мойындаймыз. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған нәтиже халықтың шынайы қолдауына сай деп есептейміз. Өткен сайлау ашық, еркін әрі әділ болғаны атап өткіміз келеді. Сайлауалды науқан барысындағы күрес ашық әрі әділетті өткенін мойындаймыз. Біздің үгіт жұмысын жүргізушілер заңнама аясында республикалық штабтың жоспарына сай бекітілген барлық қажетті шараларды қабылдады. Ашық әрі әділетті сайлауды өткізу үшін барлық шарттар сақталды. Теңдіктің конституциялық және еркін бәсеке қағидаты сақталды. Сайлау қорытындысына ықпал еткен бұзушылықтар болмағанын мәлімдегім келеді», - деді ол партияның орталық комитетінің кеңсесінде. Ол өз сөзінде Қазақстан Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады. «Үгіт-насихат жұмысын белсенді әрі шебер жүргізген барлық белсенділерге алғыс айтқым келеді. Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында маған қолдау білдірген барша қазақстандықтарға рахмет! Президенттің кезектен тыс сайлауы жоғарғы билік транзитінің қорытынды кезеңі болатынына, Қазақстанды ауқымды түрде жаңғырту бойынша реформаларды жүзеге асыру жұмысы жалғасатынына сенемін», - деді Жамбыл Ахметбеков. Кандидат сонымен қатар осы сайлауда өз партиясының жеңілмегенін айтып өтті. «Партия өзінің күш-қуатын қайта жиып, кезекті мәрте облыстық комитеттердің жұмысын тексерді. Парламент Мәжілісіндегі сайлауы алдында олармен бірге қалалық және аудандық комитеттердің бәрі тексерілді», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария етті. Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 пайыз дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 пайыз дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 пайызын дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 пайыз дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 пайыз дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 пайыз дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 пайыз дауысын жинады.

pavlodarnews.kz

Тэги: