Облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Сәдуов атап өткендей, өңір басшылығы чемпионат басталмай тұрып команда алдында қойған үштікке ену міндеті әзірше күн тәртібінен алынып тасталды. Бүгінде команданың басты міндеті – чемпионат турнир кестесінде неғұрлым жоғары көтерілу.

Бұл пікірді команданың бас бапкері Милан Миланович де қостады.

- Біріншіден, команданы тұрақтандыру керек, - дейді Милан Миланович. – Команданың қандай ауыр жағдайға тап болғанын түсінемін және де оны бұл халден алып шығаруға күшімді саламын. Қазіргі кезде турнир кестесінде жоғары көтерілу керек. Бұл үшін команданың мүмкіндігі жақсы.

Серб маманының пікірінше, команданың құрылып, жаттықтырушының нәтиже көрсете бастауы үшін кемінде бір жыл уақыт керек.

- Жаттықтырушы нәтиже беруі үшін екі жаттығу жиынын өткізу керек. Еуропада командалар бір маусым ішінде екі жиын өткізеді. Сіздерде біреу-ақ. Сондықтан бапкер нәтиже көрсетуіне бір жыл керек деп ойлаймын, - дейді Милан Миланович.

Серб жаттықтырушысы Ertis командасын қорғаныстан шабуылға тез көшуді және сол шабуылдарды тиімді аяқтаудың ойнына баулитынына уәде берді.

Команда құрамын жасақтау мен «трансферлік терезе» кезінде жаңа ойыншылар сатып алу мәселесіне келгенде клубтың спорттық директоры Эдуард Глазунов барша жұртқа сабыр сақтап, сенім білдіруге кеңес берді.

- Бұл бағытта жұмыс жасалынуда. Ойыншылар базасы жинастырылуда. Олардың есімдерін атауға дайын емеспін. Дегенмен, бұрынғы бас бапкердің кеткенінен соң команданың қаржылық жағдайы қандай екенін ескеру керек. Сол себепті, қаражатты үнемді пайдалануға тырысамыз, - дейді Эдуард Глазунов.

pavlodarnews.kz

Тэги: Ertis ФК, Ертіс ФК, футбол, ҚПЛ, Премьер-Лига