ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында Қазақстанның әр өңірінде кімге дауыс берілгені жарияланды.

Павлодар облысында Жамбыл Ахметбеков - 4949 дауыс немесе сайлаушылар дауысының 1,11 пайызын, Дәния Еспаева - 27450 дауыс немесе 6,16 пайызын, Әміржан Қосанов - 63895 дауыс немесе 14,33 пайызын, Төлеутай Рақымбеков - 16923 дауыс немесе 3,79 пайызын, Амангелді Таспихов - 3226 дауыс немесе 0,72 пайызын, Қасым-Жомарт Тоқаев - 327277 дауыс немесе 73,39 пайызын, Сәді-Бек Түгел - 2221 дауыс немесе 0,5 пайызын жинаған.

Еске салайық, 9 маусым күні ҚР Президенттік сайлауы өтті. Павлодар облысында 543 сайлау учаскесі жұмыс жасады.

Сайлау қорытындысы бойынша ҚР Президенті болып «Nur Otan» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Үміткерге 6,5 миллионнан астам қазақстандық немесе сайлаушылардың 70,96 пайызы дауыс берген.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, сайлау