Бұл туралы агенттікке облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бұл жобаны іске асыру жеке инвесторлардың инвестициялары есебінен инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінген 150 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдейді, - деді «Павлодар» АЭА басшысы Айбек Тұрсынғалиев. – Жоба шаршуашылық жұмыстарының қоршаған орта және халықтың денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінін анықтайтын кешенді іс-шаралардан өтті. Бұл өз кезегінде қалдықтарды қауіпсіз жою және қайта өңдеуді қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық жоба «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының техникалық-экономикалық негізінде жасалған. Оның мерзімінен бұрын іске асырылуы мемлекеттік бюджетті үнемдеу мәселесін шешу мен инвесторлардың қалдықтарды қайта өңдеуге және олардың өнеркәсіптерінен тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін 130-дан астам кәсіпорын бар.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, АЭА, кәсіпорын, зауыт, қалдық