Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Ертіс өзенінің арнасында «Нерест» рейдтік іс-шаралар барысында Ынталы ауылының жанында балық аулап отырған екі ер адамды байқап қалдық, - дейді капитан Серік Асылбеков. - Олардың бірі жұмыс істемейді.  Бұрында ҚР ҚК-нің 259-бабы бойынша сотты болған, 1979 жылы туған павлодарлық. Екіншісі 1967 жылы туған жергілікті тұрғын бұрын сотты болмаған және жұмыссыз.

Балық аулауға әуесқойлар  сүйрік  тұқымдас балықты 5 текше моторлы резеңке қайығымен тыйым салынған уақытта және тыйым салынған тәсілмен аулауды жүзеге асырған. Нәтижесінде балық аулау ережесін өрескел бұзған.

Ұсталынғандардан жалпы салмағы 4,67 келі 23 балық, «Ривьера-3200» резеңке қайығын, «Раrsun» қайық моторын, екі дана капрон торын, 10 дана катушкалы қармақ алынды.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам