Аудандық «Алдаспан» жастар орталығының директоры Санжар Рыспековтің айтуынша, олардың ішінде құс, ірі қара, жылқы және қой өсіруге ниет білдірген жұмыссыз жастар бар.

- Жергілікті жастар арасында түсіндіру жұмыстары басталған, - дейді Санжар Рыспеков. - Шағын кәсіп ашқысы келетіндер кәсіпкерлік негіздерін үйрететін курстарға қатысады. Бұдан кейін 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 505 мың теңге көлемінде несие беріледі. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс енді ғана бастау алып жатыр.

Қазіргі уақытта ауылдық жердегі жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жоба бойынша арнайы оқудан өтуге 30 адам өтініш берген. Оларды дайындайтын тренерлер дайындықтарын пысықтауда. Жастардың дайындаған жобалары ойдағыдай болған жағдайда несие алуы мүмкін.

2018 жылдың соңында жүк тасымалы, сұлулық және сәндеу қызметі, құс өсіру, киім тігу бойынша өздерінің жеке кәсібін ашқан 24 жас адам бүгінде табыс тауып отыр.

Айта кетерлігі, бүгінде Тереңкөл ауданында 4600-ден астам  жас тұрады.

 Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам