Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Бүгінде бұл қаражатқа операциялық-реанимациялық, радиациялық және патологоанатомиялық корпустар, 227 орындық стационар, ауысымына 100 келушіге арналған емхана, бақылау-өткізу пункті, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату пункті, бес автомашинаға арналған көлікжай және үш қазандыққа арналған қазандық салынды, - деп атап өтті өңірлік құрылыс басқармасы күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Абылай Мұшкенов. – Қазіргі уақытта мердігер әрлеу жұмыстарын жүргізіп, аумақты абаттандыруға кірісті. Нысанды мердігер белгіленген мерзімнен бұрын тапсыруды көздеп отыр.

Мамандардың айтуынша, аталмыш жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жақсарады, өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуіне, ерте диагностика көрсеткіштерінің артуына, Павлодар облысында онкологиялық науқастарды мамандандырылған көмекпен қамтуға әкеледі.

- Медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға бюджеттен 2,8 миллиард теңге бөлінді, - деп атап өтті құрылыс басқармасында. - Емхана бөлімшелерінің дәрігерлік кабинеттері сәулелік, ультрадыбыстық және магниторезонанстық мазмұндағы қазіргі заманғы диагностикалық аппараттармен, сондай-ақ экспресс-диагностика үшін биологиялық материалдарды эндоскопиялық және аналитикалық зерттеулермен жабдықталады.

Айта кетерлігі, стационардың бірінші қабатында клиникалық-диагностикалық зертханалар, операциялық-реанимациялық корпустың екінші қабатында бес бейінді операциялық, үш наркоздық, төрт операцияалды және екі аппарат-мониторлы операциялық бөлімше болады. Үшінші қабатта реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі орналасқан.

 Фото: Валерий Бугаев  

pavlodarnews.kz

Тэги: денсаулық, қоғам, онкодиспансер