15 Қазан 2019 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

13 маусым күнгі ауа райы болжамы

 Елдің батысы мен оңтүстігінде бейсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей өңірлерде найзағай, тұман, дауыл, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. Батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында тұман, дауыл, түнде кей бөлігінде, күндіз басым жерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай және Павлодар облыстарында дауыл, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады. Ақмола облысында күндіз дауыл тұрып, бұршақ жауады. Түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында күндіз дауыл тұрып, шаң көтеріледі, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің күші 15-22 м/с артатыны күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел, бұршақ болжанады. Күндіз Қарағанды, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтар

Система Orphus