Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Ақпаратқа сай, Сейдахметтің Болгарияда ойнауы жөнінде жасалған аренданың келісімшартында футболшының жазда қайтып келуі туралы бап болған. "Уфа" сол опцияны іске қосқан.

"Левскиде" өткізген уақытында Сейдахмет Болгария чемпионатының 3-ақ ойынына қатысып, қалған уақытта көбіне жарақаттардан емделумен болды.

Қазақстанның U-21 жастар құрамасы сапында Еркебұлан Сейдахмет өткенде ғана Фарер аралдары мен Черногорияға қарсы ойындарда доп соғып, нәтижелі паспен көзге түскен.

pavlodarnews.kz

Тэги: