Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып Әділет Сыздықов тағайындалды.

Әділет Сыздықов әртүрлі кезеңдерде Павлодар прокурорының көмекшісі, прокуратура бөлімінің бастығы, Павлодар облысы прокуратура басқармасының прокуроры, Бас прокурор көмекшісі болып істеген. Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының әуе көліктің прокуроры болып қызмет атқарған.

2017 жылдың қыркүйегінен - Екібастұз прокуроры.

Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі 14 жыл.

Әділет Сыздықов - дзюдодан спорт шеберлігіне кандидат.

Арслан Ғалымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: прокуратура, Әділет Сыздықов, тағайындаулар