М. Катаев атындағы оқушылар сарайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, конкурс бағдарламасы «Alexandreio» аймағының ең ірі концерт залында өткен. Ал гала-концерт пен марапаттау рәсімі Жерорта теңізі пальмаларымен қоршаған Лутраки курортының орталық алаңында ұйымдастырылған.

Сайыс бағдарламасы Ион теңізінің жаңында күннің батуымен тұспа-тұс келді. Конкурсқа Белоруссия, Ресей, Украина, Грузия, Грекия, Литва, Молдова елдерінен өнерпаздар келді.

Қазақстаннан жерінен оқушылар сарайының «Блэйз» және «Тип – Топ» екі эстрадалық үлгілі студиялары қатысқан. «Блэйз» студиясының жас бишілері «Мечты сбываются», «Дыхание», «Танец степей», «Мегаполис», «Пробуждение», «Однажды» атты билері алты номинация бойынша алты бірінші орынға ие болды.

«Тип – Топ» студиясының ең кішкентай бишілердің дайындаған билері жеңіс қоржыны бір бірінші орын, екі екінші орынмен толықты.

Халықаралық қазылар алқасы біздің билердің сұлулығына және әртүрлілігімен қызықты сюжеттері үшін жоғары баға берді.

- Жердің түкпір-түкпірінен келген барлық қатысушылар өздерінің ұлттық билері бойынша шеберлік-сыныптары танымдық кәсіби деңгейде өткізілді, - деді «Блэйз» эстрада үлгілі студиясының жетекшісі Любовь Корнюхина. - Фестивальдің барлық қатысушылары біздің көрсеткен қазақ ұлттық билерін зор ынтасымен қабылдады. Біз көрермендерге конкурсқа дайындаған биден басқа, «Мираж степей» атты биімізді сыйға тарту еттік. Қай сайыс болмасын бұл – балалар үшін оқу және әр елдің ұжымдары бірігіп, бір-біріне көмекке келеді. Біздің тәрбиеленушілеріміз конкурстық бағдарламадан тыс таңғажайып жарқын Грекия елімен танысты және Ион теңізінің мөлдір таза суына тәнті болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім, мәдениет