Екі күннің ішінде 240 жас робототехник үздік атағына таласты. Биылғы жылдың тақырыбы – «Ақылды қалалар».

Үш жас санаты бойынша үздік атанғандардың барлығы жабылу салтанатында демеушілерден медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталмыш Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық аймақтарынан 240-тан астам оқушы қатысты. Жыл сайын ауылдық жерлерден қатысатын жас робототехниктер саны ұлғаюда. Биылғы жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кенті және «RoboReBoot» командалары, Алматы облысы Алакөл ауданының Жыланды ауылы қосылып отыр.

Биыл олимпиада алғаш рет облыс орталығында өткізіліп, тікелей онлайн-трансляция ұйымдастырылды https://wro.nis.edu.kz/livewro/ және WRO кубогы берілді. Үздік команда абсолютті чемпион арнайы кубогын Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебі жеңіп алды. Бұл мектеп WRO-дан Қазақстан және әлем бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Сонымен қатар аталмыш мектеп НЗМ жүйесінде алғашқы болып робототехника курстарын енгізген.

 - Павлодар қаласына олимпиадаға 240 оқушы келді, - дейді «Назарбаев Зияткерлік мектебі» АҚ ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов. - Жыл сайын ауыл мектептерінен қатысушылар саны артып келеді. Ұлттық кезең алғаш рет елордададан тыс, облыс орталығында өткізілді.

Өткен жылы Тайландта өткен дүниежүзілік робототехникалық олимпиадада әлемдік үздік ондыққа енген Көкшетаудан келген 5-сынып оқушысы Софья Кокорина негізгі кіші санатта өткен жарыста алтын медальді қанжығалады.  Ол  2017 жылы республикалық кезеңде үшінші орын, 2018 жылы екінші орын иеленген. 

- Бұл робот адамдарды хайуанаттар бағы, кинотеатр, мектеп орындарына жеткізеді, - дейді Софья Кокорина. - Жыл сайын тапсырма өзгереді және осы тапсырмаға сәйкес бізге робот жасау керек. Өткен жылы мен Таиландтағы әлемдік кезеңге өттім, биыл  Будапештте әлемдік кезеңге қатысуға мүмкіндік алу үшін жұмыс істеймін. Болашақта адамдарға қиын міндеттерді орындауға көмектесетін жобалар жасағым келеді.

Шығармашылық категорияда жеңіс тұғырынан көрінген талдықорғандық Даниил Филимоновтың «Робот-суретші» жобасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылының «RoboReBoot» командасы ауыл мектептерін қолдау үшін арнайы марапатына ие болды. «Creativity Award» аталымы бойынша жүлде Павлодардың НЗМ, «Girl power» Семей НЗМ, ал «Engineering Simplicity Honors Award» Талдықорған НЗМ өкілдеріне бұйырды.

Енді қазылар алқасы  14-16 қарашада Будапештте  дүниежүзілік олимпиадада өнер көрсететін Қазақстан құрамасына кіретін бірнеше команданы таңдап алады.

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім