Ішкі саясат бөлімінің маманы Аманжол Еренұлының айтуынша, аударыспақ, қой қырқу, қыз қуу, теңге алу, жүн сабау, бие сауу сияқты ұлттық ойындарға 30-дан астам тұрғын қатысқан.

 - Жарыс туралы естіп келген Моңғолия еліндегі қандасымыз Ақмарал Радолла қыз қуудан жеңімпаз атанды, - дейді Аманжол Еренұлы. - Жылдамдыққа жүн қырқудан Әйтей ауылының тұрғыны Ардақ Төлеуов берілген тапсырманы 2 минуттың ішінде ойдағыдай орындап шықты. Қатысушылардың өнері қайшымен қырқу, жылдамдық, жүннің тазалығы мен сапасы бойынша бағаланды. Жеңімпаздарға ауыл тұрғындарының демеушілігімен ақшалай сыйақы табыс етілді.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 80 күндік цикл бойынша 10 ауылдық округтің әрқайсысы аудан орталығындағы мемлекеттік рәміздер алаңында әрбір сенбі күні концерттік бағдарлама мен көрме ұйымдастыруда. Мамыр айының соңында Жамбыл ауылдық округінен басталған мерейтойлық шаралардың нүктесі қазан айының басында «Арбузный рай» фестивалінде қойылады.

Сондай-ақ, тұрғындардың арасында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында Аққулы ауданының логотипін ауыстыру мақсатында конкурс жарияланғаны белгілі. Жеңімпазға 100 мың теңге табыс етіледі.

Еске сала кетейік, жуырда Аққулы ауданының 80 жылдығына орай Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, Павлодар өңірінің атақты күйшісі Рүстембек Омаровтың 100 жылдығына арналған алғашқы «Күй күмбірі» атты облыстық күйшілер байқауы өткен болатын.


Томирис Бекжан

Фото: Аманжол Еренұлы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Аққулы ауданы, тарих