Кездесу «Достық» үйінде өтті. Облыс әкімі көп балалы аналарға олардың еңбегі үшін алғыс айтып, Қазақстанда орден статусы бар алқаларын табыс етті. Төрт  ана «Алтын алқаға», тоғызы «Күміс алқаға» ие болды.

- Көп балалы аналарға отбасылық құндылықтарды сақтауға және балаларды тәрбиелеуге бағытталған толыққанды өмір үлгісі үшін алғыс білдіргім келеді, - деді Болат Бақауов. - Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер әрдайым қоғамымыздың негізі болып қала береді.

Аймақ басшысы атап өткендей, облыста барлығы сегіз мыңға жуық көп балалы ана тұрады. Бүгін оларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

- Мемлекеттің көп балалы аналарды қолдағаны өте қуанышты, өйткені қазіргі уақытта жеті баланы тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап етеді және бұл оңай міндет емес, - дейді Павлодар ауданынан келген көп балалы ана Светлана Воронюк. - Біздің отбасымызда балаларды дұрыс тәрбиелеу үшін махаббат пен сенімді арқау етеді.

Кездесудің бейресми бөлімінде көп балалы аналар үшін бірнеше ән шырқалған кезде марапатталғандардың бірі Болат Бақауовты биге шақырды. Облыс әкімі бұл ұсынысты қуана қабыл алды.
 
Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам