Сот отырысында өткен жылдың желтоқсан айында балықтың жаппай қырылуына айыпты «Атырау су арнасы» КММ-нің бұрынғы директоры, оның орынбасары мен су тазарту стансысының бұрынғы басшысына қатысты айыптау қорытындысы оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпорынның бұрынғы директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 371-інші (Салғырттық), 204-інші (Аса ірі көлемде залал келтіре отырып, өзгенің мүлкін жою), 328-інші (Қоршаған ортаға аса ірі мөлшердегі залалға алып келген жерүсті суын ластау) баптары бойынша кінә тағылып отыр. Сот алдында жуап беріп отырған өзге тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 328-інші және 204-інші баптарымен айыпталуда.

Күдіктілер өз кінәларын мойындамайтындықтарын жеткізді. Сот талқылауы жалғасуда. Еске салайық, ҚР ІІМ тергеу тобының нұсқасы бойынша, 2018 жылдың желтоқсанында балықтың жаппай қырылуы «Атырау су арнасы» КММ-нің Жайық өзеніне құрамында хлоры көп суды төгуінен болған. Салдарынан барлығы 120 тонна балық, соның ішінде 101 тонна бекіре тұқымдас балық қырылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: