. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару жүзеге асырылуда. Әскери бөлімді қайта көшіру мәселесі ҚР Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың жеке бақылауында», - деді ведомстводан.

Оқ-дәрілер тиелген көліктерге әскери қарауыл мен әскери полиция ілесіп жүреді. «Қазіргі сәтте қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру үшін төтенше жағдай салдарын жоюға тартылған ҚР Қарулы Күштерінің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысы жалғасып жатқанын еске саламыз. Қазіргі уақытта жарылыс қаупі жоқ оқ-дәрілерді анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді министрліктен.

pavlodarnews.kz

Тэги: