Павлодар қаласы спорт бөлімі балалар мен жастар спорт мекемесінің жетекшісі Еркін Макешевтың айтуынша,  регби аталмыш жоғары оқу орынының базасында студенттер арасында 2000 жылдан бастап дамып келеді. Ол үшін жуынатын, киім ауыстыратын бөлме, стадион және барлық жағдай жасалған.

-  Мұндай бастаманы қалалық спорт бөлімі мен қала әкімі білдірді, - дейді Еркін Макешев. - Регби жастардың барлығына ұнайды деп ойлаймын. Қазіргі таңда спорттың осы түрі бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Оған еліміздің әртүрлі жеті қаласы қатысады. Оның ішінде Павлодар да бар. Біздің негізгі мақсат - 14-29 жас аралығындағы жастарды регби  ойындарына жұмылдыру. Ең бастысы, балаларды физикалық  тұрғыдан дамыту, салауатты өмір салтын сақтауға баулу. Олимипадалық түрінде әр командада жеті адамнан жеті минуттан екі тайм ойнайды. Студенттер белсенді қатысуда. Он үш жасынан қатысқандар да бар.

Ойынға арналған формалар мен құрал-жабдықтарға бюджеттен  сегіз миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың екінші курс студенті Алмас Нұргожин бала кезінен регбиге қызығушылығы жоғары болғанын айтады.

- Бұл ойынға жылдамдық пен күш  керек, - дейді ол. - Мұнда  бой мен салмаққа аса көңіл бөлінбейді. Адамдар доп үшін күреседі. «Регби-15» еуропалық спорт. Әр командадан 15 адамнан қатысады, ал бұр жеңілдетілген олимпиадалық түрі «Регби-7» деп аталады. Оған әр командадан 7 адамнан қатысады. Бала кезімнен жылдам жүгіретінмін. Бұл спорт түрімен 16  жастан айналысамын.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам