Штаттың оңтүстік бөлігінде, Найк өзенінің Аляска шығанағына құяр сағасына орын тепкен Анкоридж қаласында сынап бағаны 32ºC-ты көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бұл қаланың маңына штат тұрғындарының 40%-ы шоғырланған. Осы аймақтағы ормандар өртке оранып, өзендер арнасынан тасып жатыр. Маусым айындағы маусымдық найзағайлар Аляскада алапат орман апаттарына себеп болған. Ғалымдардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі құстардың жаппай қырылуына да соқтырып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: