Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату артықшылықтары Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, 33 үй қайта салынады. Арысты қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Құрылыс алаңдарында барлығы 3000-нан астам құрылысшы еңбек етеді. 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда. ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

pavlodarnews.kz

Тэги: