Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығының парақшасынан мәлім болды. Қазақстандық Жаңқош Тұраров жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental екінші деңгейлі титулы үшін айқаста аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды нокаутпен жеңді.

Олардың кездесуі 10 раундқа есептелген болатын, бірақ үшінші раундта, уақытынан бұрын аяқталды. Тұраров Годойды нокдаунға жіберген соң төреші онға дейін санады, дегенмен аргентиналық боксшы орнынан тұра алмады.

Бұл - 28 жастағы Жаңқош Тұраровтың 24-ші жеңісі. Ол қарсыластарын 17 рет нокаутпен жеңген. Әлі бір де бір рет жеңілмеген. Ал 29 жастағы Годой 34 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Бұл - оның бесінші жеңілісі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы бокс кешін британдық MTK Global компаниясы мен америкалық Top Rank ұйымдастырып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: