Доданы Павлодар қаласының ішкі істер саясат бөлімі, «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің қолдауымен «Салауатты ұлт» қоғамдық қоры ұйымдастырды.



-    Елбасының бастамасымен биыл елімізде екінші рет қазақтың ұлттық аспабы – домбыра күні аталып өтуде, - дейді ұйымдастырушылардың бірі Замира Солтан. – Қазақтың күй өнерін жалпыұлттық деңгейде насихаттау және мәдени ұлттық бірлікті одан әрі нығайту мақсатында жастар өнер додасын өткізіп отырмыз. Екі күнге жалғасқан сайыста 37 жас өнерпаз сынға түсті.

Байқауға қатысушылар күй өнері, домбырашылар ансамбілі, дәстүрлі ән бағыттары бойынша өнерлерін ортаға салды. Ереже бойынша әр қатысушы екі шығармадан орындады.



Жастардың өнеріне «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің басшысы, күй өнерінің майталманы Серік Сыздықов бастаған қазылар алқасы төрелік етті.



Қазылар алқасының шешімімен «Үздік күйші» аталымында Назира Омар, «Үздік домбырашылар ансамбілі» аталымында «Атамұра дуэті», «Үздік дәстүрлі әнші» аталымында Құрметжан Ербақ жеңімпаз атанды.



Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапттау рәсімі қалалық саябақ сахнасында өтіп, шара қорытындысы финалистердің концерттік бағдарламасына ұласты. Өнер додасының жүлдегерлері қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Дулат Райымбек
Суреттер ұйымдастырушылардан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ұлттық домбыра күні, өнер, дода