Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Қазгидромедтің болжамы бойынша, Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, найзағай, күндіз – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел түнде кей жерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с.

Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерде тұман, күндіз-найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысында кей жерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Жамбыл, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай облысында кей жерде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман күтіледі.

Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерде жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: