Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Restrict функциясы басқа пайдаланушыларға шектеу қоя алады. Instagram қызметкерлерінің мәліметінше, бір адаммен өмірде араласып, бірақ әлеуметтік желіде бұғаттап тастасаң, бұл жағдайды қиындатуы мүмкін. Сондықтан енді жаңа функция арқылы пайдаланушыны шектелген тізімге қосқаннан кейін аккаунт иесінің жазбаларына жазған пікірін ол тек өзі көреді. Сондай-ақ, хабарлама жіберген адам оны оқыды ма, жоқ па - көре алмайды.

Instagram-дағы жаңа қызметті жақын арада тексеру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, тағы бір функция - кей қолданушыларға жағымсыз пікірлер қалдырудан бас тартуға шақыратын функция пайда болды. Ол жасанды интеллектке негізделген. Бұл функция желі қолданушыларының кейбіреуінде жұмыс істеп тұр.

pavlodarnews.kz

Тэги: