Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Шарбақты ауданында Орловка ауылынан 18 шақырым қашықтықта жасанды су айдынында жергілікті тұрғындар 2001 жылғы баланың денесін алып шықты. Жасөспірім қаладан досына қонаққа келген. Сағат 17.20-да өкпенің ісіп кетуі салдарынан ауруханада көз жұмды. Оқиға орнында сотқа дейінгі жедел топтан 4 адам мен 1 техника жұмыс істеді, - дейді департаментте.

Сондай-ақ, 7 шілде күні Екібастұз қаласына қарасты Шідерті су қоймасында жергілікті тұрғындар 1966 жылға ер адамның денесін алып шыққан. ТЖД қызметкерлері марқұмның денесін 40 минуттан соң алып шығып, полиция департаментіне тапсырған.

Ертіс ауданында Луговое ауылынан 8 шақырым қашықтықта Ертіс өзенінде жедел құтқару жасағынан үш адам жүзу құралымен 1974 жылғы ер адамның денесін іздеу жұмыстарын жүргізді. Таңертең таңғы жетіде балыққа кеткен тұрғын қайтып оралмаған. Тұрғындардың айтуынша, 6-шілде күні сағат кешкі бестің кезінде суға батып кеткен.

Железин ауданында 8-шілде күні сағат 15.05-те Береговое ауылында Ертіс өзені Старица тармағында жедел құтқару жасағынан төрт адам  жүзу құралымен  суға кеткен 2004 жылғы баланың денесін іздеу жұмыстарын жүргізді. 

Бұдан басқа, жедел құтқару жасағы Теміржол аумағында Ертіс өзенінде резеңке қайығы жарылып қалған ер адамды жағаға алып шыққан. Жасыбай демалыс аймағында альпинистік құралдың көмегімен өздігінен тауға көтеріліп, түсе алмай қалған 2002 жылғы баланы түсіріп алды.

- Тұрғындарға арнайы шомылуға жабдықталмаған орындарда суға түспеу ескертіледі. Өкінішке орай, өз өмірін қатерге тігіп, соңы өліммен аяқталатын жағдайлар орын алуда. Сондықтан суға түсуге бармас бұрын барынша сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Іздеу жұмыстары жалғасуда. - дейді ТЖД мамандары.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам