Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

- Екібастұздан 10 шақырым жерде екі көлік соқтығысып қалды. Нәтижесінде машиналардың бірінде болған 66 жастағы жолаушы әйел адам қаза тапты. Сондай-ақ, 12 адам түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде бесеуі - 2-10 жас аралығындағы бала. Зардап шеккендердің арасында жүкті келіншек болған. Бүгінгі таңда оның жағдайы жақсы, - деп хабарлады станцияның баспасөз қызметінде.

Павлодарда Назарбаев - Ладожская көшелерінің қиылысында 21 жастағы қыз автокөліктің астына түсті. Бас сүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және соғуы диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

- Ақтоғай ауылында жеңіл көлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті. 15 жастағы жасөспірім сол жақ қасының жарақатымен аудандық аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді. Сонымен қатар, Баянауыл ауданында Қарағандыға апаратын тас жолда автокөлік жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Үш адам зардап шеккен. Оның екеуі 28 және 32 жастағы ер адам және 46 жастағы әйелге  дәрігерлердің көмегі қажет болды, - деп хабарлады жедел жәрдем станциясында.

Станция мәліметтері бойынша, өткен демалыс күндері медицина қызметкерлері бес жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен 18 адамға көмек көрсетті.

 

 

Томирис Бекжан

Фото: ашық дереккөздерден

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам