- Біз аулада доп қуалап ойнайтын едік, енді жарысқа дайындала алатын нағыз футбол алаңы пайда болды, - дейді спортшы Дәулет Әубәкіров.

Кенжекөл ауылдық округінің әкімі Серік Шуақбаевтың ақпаратына қарағанда, 20 метрлік футбол алаңы қалалық бюджетке 7,5 млн теңгеге шыққан. Нысанды «Әлем строй сити» ЖШС салды.

- Бұрын балалар Долгое ауылынан он километрде орналасқан Кенжекөлге автобуспен келетін, - дейді Кенжекөл ЖОББМ дене шынықтыру және спорт мұғалімі Жаңабай Әбенов. - Енді балалардың күнделікті жаттығуына, сондай-ақ, ауылдарда жарыстар өткізуге мүмкіндігі бар. Дарынды балалар бізде көп, республика чемпиондары бар.

 

 

Томирис Бекжан

Фото: Павлодар әкімдігі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам